Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  133


Автор: Серікбол Хасан

ӨТКЕН ШАҚ

Өткен шаққа өкпем жоқ,
Өмір өтті көктем боп.
Қуандық та қайғырдық,
Алдымызда өткел көп.
Бала болдық, бал – тілі,
Ойын қудық әр күні.
Мұғалима апайдың –
Орындалды «жарлығы».
Парта алдында паңдандық,
Тақта алдында таң қалдық.
Алматыға келген күн,
Пәтер-мәтер жалға алдық.
Студент болдық, күн – елік,
Бақта-көкте түнедік.
Жатақхана, қарын аш,
Ілбіп басып жүр едік.
Кеткен шағым – өткенім,
Бал балалық сәттерім.
Қош болыңдар, мәңгіге,
Сендерге өкпем жоқ менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу