👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  32


Автор: Серікбол Хасан

ҚАБІРДЕГІ ҚҰЛ

«Құтқаршы әке,
Құтқаршы ана,
Қиын бүгін, мына халім!
Құтқаршы әке,
Құтқаршы ана,
Жалынамын, сұранамын!
Жазығым не,
Жазғаным не,
Өз жолыммен жүргенім бе?!
Құтқаршы ана,
Құтқаршы әке,
Шыдамаймын енді мүлде...»
...Зар қақты құл,
Құлын даусы
Жаңғырады шудан бетер.
Желең жігіт ғұмырында осы,
Аллаға амал қылған ба екен?!
Зар қақты құл,
Жаны – тәтті...
Мәңкүр-Нүңкір салды сұрақ.
Жанып-күйіп тәні жатты,
Жауап таппай қалды бірақ.
От қарыды,
Күйді бетер...
Түрін көрсе қашады адам.
Ақыретке сыйлық етер,
Ештеңе де жасамаған.
Ораза жоқ,
Намаз мүлдем...
Садақа да берген емес.
Тірліктегі талас күнде,
Өзінше бір жүрген елес.
Дайындық жоқ өліміне,
Дарақылау келіпті өсіп.
Тұмар тағып көлігіне,
Бал аштырған, серік қосып.
Алла құлы,
Сор алдың ба?!
Өмір өтті текке құрып.
Тал бесікке қонарыңда,
Тәңір саған сепкен үміт.
Алла құлы,
(Күнәлірек...)
Текке сөнді жастық жалын.
Құрығанда бір-ақ рет,
Мешітке де бас сұқпадың.
Анау анаң – дара бақыт,
Нұрың еді мақтанатын.
Қарттар үйін жағалатып,
Ана сүтін ақтамадың.
Міне, амалың,
Еткен ісің –
(Бергелі тұр тозақ алып).
Машқардағы кептелісің –
Өзің құрған – өз амалың.
Кеш ұқтың ба,
Өтеуің не?!
Көр азабы –
Қылау ғана,
Ақыреттік мекеніңді,
Белгілейтін бір-ақ Алла.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы