👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  24


Автор: Серікбол Хасан

БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ

Бүгінгі күн достарыммен біргемін,
«Жаным» деп кеп құшақтайтын жарым бар.
Ертеңгі күн қасыма кеп кім менің,
Қиналғанда қабірімнен табылар.
Бүгінгі күн дайын төсек, тамағым,
Жарым құйған ыстық шайға жылимын.
Ертеңгі күн қабірімде қараңғы,
Жалғыз қалған аш қасқырдай ұлимын.
Кең дүниеге сыймай бүгін шар кеуде,
Қадіріне жетпей жүрмін күн-айдың.
Ертеңгі күн суық қабір – тар жерде,
Қаһарынан қорқып Хақтың жылаймын.
Бүгінгі күн жүрмін босқа жай күліп,
Амалға емес, жаманға асық құмарым.
Ертеңгі күн қабірімде қайғырып,
Өкініштен маңдайымды ұрамын.
Бүгінгі күн маңынан су-көлдердің,
Жер еншілеп, үй тұрғызу – арманым.
Ертеңгі күн құшағында сол жердің,
Қияметке дейін азап тартамын.
Ертеңгі күн қалмас үшін қамығып,
Құдайыма шын құлшылық қылайын.
Бүгінгі күн Жаратқанға жалынып,
Қабірімде қинамауын сұрайын...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы