Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  108


Автор: Серікбол Хасан

АРАША БОЛАР – ИМАНЫҢ

Әһлі кітап – Құранды ұқ,
Лағынет айтып қарғама.
Сүреден әрбір нұр алып,
Жайлы орын ізде жандауа.
Адассаң алда азап бар,
Ғалидан үстем бар ма адам?!
Қанша арыс шықты қазақтан,
Бірі де тірі қалмаған.
Пасаттық қылып, қорланба,
Тасаттық істеп, зікір ет.
Ақырет күні болғанда,
Араша түспес үкімет.
Мәуіттің рас келері,
Дәуіттің алған бар ұлын.
Адамның амал сенері –
Ақыреттегі жарығың.
Ғибадат жаса жол барда,
Арзан-ау, қимай жиғаның.
Ақырет күні болғанда,
Араша болар – иманың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу