Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  240


Автор: Серікбол Хасан

ШҮКІР

Шүкір, Алла!
Адам қып, жарық бердің,
Аңнан артық санам бар – бәйтерегім.
Ақылыммен алысқа барып көрдім,
Айуан болып аш жүрсем қайтер едім?!
Шүкір, Алла!
Тіл бердің тасты үгіткен,
Хабарым бар Хақ сөзі – кәлимадан.
Өмірімді сүрмеймін аптығып мен,
Көп ішінен міскінді тани алам.
Шүкір, Алла!
Ес бердің, арнадың нәр,
Содан бері келемін сайрауменен.
Ар алдында ант берген арманым бар,
Ақ жолынан Алланың таймау деген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу