Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  79


Автор: Серікбол Хасан

АДАСУ

Бұл ма өмірдің болғаны әділ сонша?
Жан достарың жаныңды жиі алдады.
Жолдасыңнан көргенің жәбір болса,
Жылылықты аңсайсың ұяңдағы.
Байлардың да қылғаны барымталық,
Ақиқаттың бұл күнде арзан дәмі.
Пиғылы арам адамдар жанын салып,
Қарлы аяздай тоңдырар қаңтардағы.
Жан – жаралы, рух – ғаріп, суық – тәнің,
Алдыңда әйтеу күндегі таныс бағыт.
Бейпіл сөзге беріліп құрыпты әлің,
Жақсылардың жанынан алыс қалып...
Адасудың арты – мұң, алды – қауіп,
Тірлігінен шаршайсың тас қаланың.
Тығырықтан шығатын жолды тауып,
Тәубе етуден жоқ екен басқа амалың?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу