Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  84


Автор: Серікбол Хасан

ӨМІР ДЕГЕН...

Бұ дүниенің жаралуы текке емес,
Сарқыраған судың да бар сұрауы.
Өмір деген өткелі мол көп белес,
Құлап қалсаң бәріне өзің кінәлі...
Жақсылық та, жамандық та бір сенен,
Кінәліні басқа жақтан іздеме.
Жүрегіңе жылу еніп жүрсе егер,
Сол жылуға жылынады мұз дене.
Тағдырыңа кінәлама өзгені,
Қайғыңа да қатысты етпе Құдайды.
Көзбен көрмей, алып-қашпа сөзге еріп,
Жалпақ жұртқа жария етпе, мұны әйгі.
Қу дүниенің құлы болма, қырсығып,
Мол дүниең алып қалмас азаптан.
Тірлігіңде Құдайға қыл құлшылық,
Амал ғана құтқарады тозақтан.
Нәпсіге ерген бауырларым жүр қанша,
Ешқашан да қанбайтұғын құмары.
Өмір деген – көзді ашып-жұмғанша,
Сарқылатын секунттардан тұрағы…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу