Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  131


Автор: Серікбол Хасан

ЖАЙНАМАЗ

Көрісумен өткізетін бұл күнін,
Біздің жақта бір дәстүр бар ибалы.
Сол ғұрыптың құрметіне Нұргүлім,
Жасыл-ала жайнамазды сыйлады.
Жайнамазды іліп қойдым төріме,
Бөлмеміздің кіргізсін деп нұр-өңін.
Күннен-күнге айналды да ол өліге,
Құрдан-құрға құртып алды реңін.
Түсінбедім, жайнамаздың бұл сырын,
Бос тірлікке бағынушы ем бұрын тек.
Сол бір күні кеудемдегі тылсым үн,
Бұйрық берді: «Жайнамазға жығыл!» - деп.
Нәпсім әлек мені иманнан қорғап та,
Күннен-күнге кеудем күйіп барады.
Қара басым білмеппін ғой сол шақта,
Жайнамаздың сәжде екен ғой қалауы.
Ал бүгінде алыс кеттім ол шақтан,
Өмірімді өрнектеймін өлеңмен.
Жасыл-ала жайнамазға көз салсам,
Ала-құла өткенімді көрем мен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу