Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  98


Автор: Серікбол Хасан

ӨЛІМНЕН КЕЙІН...

Шақырту келсе Алладан,
Ажалға қарсы тұрар кім?
Өмірде өлмес бар ма адам,
Өлімді мен де құп алдым.
Өткінші мынау жалғанда,
Қылмаған болсаң жақсы амал.
Алдына Хақтың барғанда,
Себебің қайсы ақталар?
Дайындық қылмай қайтар күн,
Би-билеп өтсең дүрмекте.
Торына түсіп шайтанның,
Ғұмырың өксіп жүрмек пе?
Иманды дос қыл жаныңа,
Құлдан бол Хақты шын ұғар.
Өлімнен кейін тағы да,
Өмірдің барын біліп ал!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу