👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  31


Автор: Серікбол Хасан

БҰ ДҮНИЕНІҢ ҚОНАҒЫ

Күллі ғалам,
Мына маң –
О мекеннің жай-қамы.
Күлгендер һәм жылаған,
Бәрі де ертең қайтады...
Бейқам тірлік,
Бейпіл сөз –
Бейнет, зейнет... қалады.
Кесір тірлік, кейкілжің,
Бәрінің бар жауабы...
Тағдыры...
һәм ар-мұңы,
Өткінші өмір о дағы.
Адамдардың барлығы –
Бұ дүниенің қонағы...
Бар ғаламның
Басшысы...
Бұйрығыңыз хақ маған.
Ертең... мен де аптығып,
Өзің жаққа аттанам.
Пейіш нұры шалқыған,
Кәусар дәмі таңдайда...
Жәннат – шәрбат аңқыған,
Жазыла ма маңдайға?
Осыны ойлап,
Ұзақ мен...
Қурадым һәм жайқалдым.
Қош айтысып, бұ жақпен,
Мекеніме қайтармын!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы