Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  101


Автор: Серікбол Хасан

УА, ЖАРАТҚАН!

Уа, Жаратқан!
Алла атымен абзал жырымды бастадым,
Аңғал құлыңды алауырт тілден сақтағын.
Ағаттық қылып, адасып жүрген жандарға,
Аманат сөзім танытса, шіркін, Хақ барын!
Уа, Жаратқан!
Ғазиз нұрыңа табынумен өтсін барша күн,
Ғаріп күндік пен ғапыл тірліктен шаршадым.
Ғинаят тілеп: «Ғайбатшыл жаннан сақта!» - деп,
Ғарасаттағы ғажап күнімді аңсадым!
Уа, Жаратқан!
Кемдетпей ешкім, кемдіксіз өтті бал шағым,
Келісті күндер келмеске кетті қанша мың.
Кәдік келтірмес кәміл жырларым көкке өрлеп,
Көгершін сынды биікте жүрсін, «КӘУСАРЫМ»!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу