Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  88


Автор: Серікбол Хасан

АЙЯ

Шаттық нұрын төгіп мерейіне елдің,
Тәтті үміт болып дүниеге келдім.
Кең пейілі тасқан, мол мейірі асқан,
Айя деген ақылды, ару қыз менмін.
Бақыт гүлін терген бақшасынан әннің,
Жақұт үнге ерген мен де өнерлі жанмын.
Жұпар шашқан гүлдей, күлімдеген күндей,
Әнімменен озып өнер тобын жардым.
Бабалардың көшін жалғаған жол – ізбін,
Көліміз мол шалқар, жеріміз бар біздің.
Тілді-дінді сақтап, баба үмітін ақтап,
Қасиетті елге қорған болар қызбын.
Қалықтаған қыран, төбемізде бар күн,
Мәнді өмірді жырлап, сәнді әуенге салдым.
Ел деп соққан менің кішкентай жүрегім,
Азаттықты жырлар арманы көп жанмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу