Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  81


Автор: Серікбол Хасан

М-АГЕНТ

Бүгінгінің қазақтары үйге кеп,
Ақ қағазға хат жазбайды аптығып.
Жаңа заман, жаңа ғасыр, күй бөлек,
М-агентпен білдіреді тәтті үнін.
Бүгінгілер шығын қылмас сөзді аса,
«Шын көңілмен сүйемін! - деп,
– Мен сені!»
«МСС» деп қысқартады, болмаса,
«Жүрек» белгі-смайлигін шертеді.
Танысының суреттері тұрса нақ,
«+10» деп бағалауы бар тағы.
Ынтық болып жүгірмейді күн санап,
Барлық жүкті М-агентке артады.
Бірі-бірінің көрмесе де түр-өңін,
Суретпенен сыйласады қос ғашық.
М-агентпен біріктіріп жүрегін,
Алған олар «е-майлмен» достасып.
М-агентпен сырласады күні-түн,
«Статуспен» іс-қимылын ымдайды.
М-агентпен білдіреді үмітін,
Қайғысын да М-агентпен мұңдайды.
Улап жатқан уақыттың алтынын,
Біреулерге бұл М-агент – тамаша!
Біреу жазса ішіндегі бар сырын,
«Блогпен» бәрі үн қосады таласа.
Бүгінгінің қазақтары тым басқа,
М-агентпен құртып жатқан санасын.
Интернетте отыратын тынбастан,
«Қайран, қазақ қайда кетіп барасың?»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу