Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  125


Автор: Серікбол Хасан

ҒЫЛЫМ ДАМЫП БАРАДЫ…

Жақындаған сайын сол заманақыр,
Ғылым дамып күн сайын бара жатыр.
Жұмысыңа әп-сәтте-ақ жеткізетін,
Темір дырылдап далада тұр.
Сан ойланып жазбайсың хат та бүгін,
Бір-ақ секунд көтерер апта жүгін.
Е-майл, м-агент – жүйріктер бар,
Интернетте газетің – апталығың.
Бәрі де оңай бұл күнде, бәрі-бәрі,
Сан техника саған кеп бағынады.
Тілін білсең болғаны тетіктердің,
«Тілегенің алдыңнан табылады».
Жақындаған сайын сол заманақыр,
Түседі екен тілге – дақ, санаға – кір,
Ғылым дамып барады, ал адамдар,
Ғаріп жанға айналып бара жатыр…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу