Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  72


Автор: Серікбол Хасан

ЖЫР

Қауызын әлі жара қоймаған қамсызым,
Қымсынба, қалқам... Балапан жырым қанат қақ.
Қаламды қолға ап, шабытым қысқан әр түнім –
Қағбадағыдай қажылық сынды, ары аппақ.
Тамылжып таңда төгіле түсер тіл-үнім –
Тәттіге құмар, тынысы биік төр едің.
Түрткілеп мендік кеудемнің тылсым дірілін,
Түнерген күйі түйінсіз қалдың, өлеңім!
Сабырсыз емен, сайтаннан сұсым қашпаған,
Сағаттар бойы сана-сезімде тыныс жоқ.
Сазарған күйі, садақпен қарсы оқталам,
Сәйгүлік мініп, сәтті өлеңімдей қылыш қып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу