Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  143


Автор: Серікбол Хасан

ТАЛ МҮСІН

Тағдыры қиын талдырмаш,
Тана көз – тәтті қылығы.
Гүліңді нәзік солдырмас,
Табылар әлі бір іні?!
Тал мүсін тәмпіш, тана көз,
Тәніне ешкім тимеген.
Тәттіге құмар баласың,
Ешкімге басын имеген.
Телусіз жүрген тұйығым,
Теңіңді ізде тектіден.
Тәңірдің берер сыйы мың,
Әлі де ешкім жетпеген...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу