Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  89


Автор: Кәкімбек Салықов

НАТАШАҒА

Жарқын жаз жүдеп жабықты,
Ашық күн жылдам жоғалды.
Көк тұман сұрқын сабылтты,
Қалғыған түнге оранды.
Бос қалды шүйгін сай-сала,
Бал бұлақ суық буланды.
Ну орман қаусап, айнала,
Көгілдір аспан сұрланды.
Наташа – сәулем! Қайдасың?
Еш пенде көрмей сенделдік.
Досыңа арнар бар ма асыл,
Бір сағат жүрек емдерлік?
Толқыған көлдің үстінде,
Әлде ағаш бауырын тасалай
Мен жүрмін күндіз, не түнде,
Кездесу сәтін жасамай.
Қыс қыраулы тез келер,
Аралап орман даланы.
Лашықты жарық меңгерер,
Жарқ етіп түтін жанары.
Көре алмай сонда ғажапты,
Шымшықтай тап-тар тордағы,
Шегеді-ау, көңіл азапты,
Наташа қинап ойдағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу