Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  175


Автор: Кәкімбек Салықов

ӘКІМ ТАРАЗИГЕ

Сексен жас құтты болсын, Әкім інім,
Мен сендей дүлдүлдердің жақынымын.
Дос болып әуел бастан қосылып ек
Астында екінші Мекке шатырының.
Сондағы сәті қызық жағдайдың,
Көрсеттің күзетшіге нағыз айбын.
Төбемді аспан-көкке көтеріп ең
Алдында Иасауи мен Абылайдың.
Өлең көп баяндаған жаз-қысымды,
Бұл жолы дінге арнадым жан құсымды.
Мақтаған Түркістанда сөзің үшін
Ал менің шын жүректен алғысымды.
Атыңды уақыт ерте доғармасын,
Шабытты күндер, түндер көп орнасын.
Сексенде інім бар деп жар салайын,
Жұрт мені жүзге келді деп ойласын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу