Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  105


Автор: Кәкімбек Салықов

ТУҒАН ЕЛ

Араладым талай жер шартарабын,
Орындадым ортаймас жан талабын.
Өздеріңе ешбір жер жетпейді екен,
Баянауыл, Көкшетау, Қарқаралым.
Балқан барып байлығын байқағаным,
Сұлулығы таңдантса сай-саланың,
Жетпей тұрған бір жерін іздегенде,
Аттарыңды сан рет қайталадым.
Сексен көлдер елестеп кезектеген,
Аққулары алдымнан тез өтпеген.
Тентек жүрек қызық-ау...
Жас баладай
Тез кетейік елге деп безектеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу