Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  83


Автор: Кәкімбек Салықов

МОЙЫНСҰНУ

Сексенде шабыт толғайды,
Сенімін көптің ақтаймын.
Мәңгі жас өмір болмайды,
Мәңгі жас көңіл сақтаймын.
Жастық шақ ізгі бәрі де,
Шақырсаң даусың жетпейтін.
Біреулер бар ғой әлі де
Есіңнен көркі кетпейтін.
Жұлдызым сөнбес көгімде,
Ұмсынтып өрге қыстап жүр.
Көп жасасам өмірде,
Ғашықтық жыры ұстап жүр.
Түсімде көріп селк етем
Ақ жүзін ай боп ататын.
Махаббат өшпес дерт екен
Беріш боп жанға бататын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу