Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  103


Автор: Кәкімбек Салықов

БІРЛІК ТУЫ – БИАҒА

Бел-белестен белгі тастап Бейімбет,
Шоқ жұлдыздан қалған жоқсың кейіндеп.
Қай ауылда тусаң-дағы байтақ ел
Жан-жүрегін тосар саған бейімдеп.
Сырт айналса ауыр күнде дос талай,
Ұмытқан жоқ өзің туған Қостанай.
Ардақтады Сәбит, Ғабит ағалар,
Нұр тұлға деп сыйлап, естен тастамай.
Кер заманның шексең талай азабын,
Туды бүгін Биаға дер ғажап үн.
Мәңгі бақи сені ардақтап өтеді
Жер бетінде есен болса қазағың.
Сәкен ұшқан ғарышта,
Ілияс озған жарыста,
Мағжан жеткен қияда
Сен де жүрсің, Биаға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу