Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  185


Автор: Кәкімбек Салықов

ЖАСАЙ БЕР, МҰНАЙШЫЛАР!

Атырау атырабын жадыратқан,
Әлемге алау сілтеп дабыл қаққан.
Ақтаудан сарқыраған мөлдір мұнай,
Қара алтын өзендері ағып жатқан.
Қарт Каспий толқынымен алысқандар,
Ақиық қырансыңдар алыс самғар.
Атағын байтақ елдің айғақтатқан,
Сендерсің, мұнайшылар, арыс жандар.
Тасыған ел байлығын құбырларың,
Бұлқынып жасап жатыр дүбірі ағын.
Қазақтың кәрі-жасын сүйсіндірген,
Ғажап қой қызу майдан ғұмырларың.
Сендерді батырлар деп айта аламын,
Сенім мол келер күнге, жай табамын.
Ең асыл нұрын төксін атқан таңдар,
Түн келсе жарқыратсын Ай қабағын.
Айбынды мұнаралар,
Су кешіп, құм аралар.
Құтты көш құрайсыңдар,
Дауылға шыдайсыңдар,
Жасай бер, мұнайшылар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу