Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  207


Автор: Кәкімбек Салықов

БІРЛІГІН ЕЛДІҢ САҚТАЙЫҚ

Жоғалды ескі жалғастар,
Өшірді тарих «өшпесті».
Тағдырлас, сырлас достарым
Секілді, сирек кездесті.
Ғарыш, ғалам алдында
Демеймін жайдақ, бос қалдық.
Алғыс айтам тағдырға
Қазаққа берген бостандық.
Шындыққа болсаң шын көнбіс,
Алды-артыңа бір қара.
Бостандықты ел бөлгіш
Көк бүлікпен былғама.
Байқа, дос, атты таң қандай,
Салғызбас көне күйіске.
Атаңның құны қалғандай
Аруаққа бекер тиіспе.
Сұмдықты ескі тастайық,
Ес жияр күнді білгесін.
Бірлігін елдің сақтайық,
Бекітіп бірге іргесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу