Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  85


Автор: Кәкімбек Салықов

АРҒАНАТЫ

Атыңа жаным құмар, Арғанаты,
Көшпелі ел азық тапты арыған аты.
Ұлытау етегінде ұлы жерсің,
Атыңа серік болған ән қанаты.
Сарыарқа шөл даламен көпір еткен,
Есілден ақ қайыңдар шеті жеткен.
Қоскөлдің аққу-қазы саңқыл қақса,
Көкшетау көлкіп өткен көкіректен.
Баяғы тарихыңа етсек байлау,
Баласы арғын, найман етті жайлау.
Ерденге ер қанаты себің тисе,
Тайжанға сенен келді мінез қайрау.
Үш жүздің асылдары тоғысқан жер,
Қалмақпен қайсар бабам соғысқан жер.
Абылай орда тіксе Кеңгір бойлап,
Ұлытау қорған болды арыстан бел.
Көтердің Қаныш аға қуат-күшін,
Жезқазған аспандатты зиятты ісін.
Мен үшін кенші болып тас қопарған,
Жүректің бір бөлшегі сияқтысың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу