Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  146


Автор: Кәкімбек Салықов

ӘН САЛСАҢ...

(Қайрат Байбосыновқа арнадым)
Ән салсаң Қайраттай сал аңқылдатып,
Қызыққа естіген жан қалсын балқып.
Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай
Сарынын бәз қалпында қарқындатып.
Әсеттей Қорланды айтқан еркін шалқып,
Дауысың шықсын майда көлкіп-қалқып.
Мазасыз махаббаттың сырын ақтар,
Сұлулар қайран қалсын елтіп-балқып.
Ән салсаң Қайраттай сал тереңдетіп,
Сұлу ән сиқырына өрең жетіп.
«Гәккулет» көңіл толқып, жан шыдамай,
Алқа топ қосылғандай ере кетіп.
Заулап қал, көп киіктей дүбірлетіп,
Жеткендей тойлы ауылға іңірлетіп.
Қалқаға айтарыңды ащы әнге қос,
Сілтеп қал, барады ғой ғұмыр өтіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу