Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  114


Автор: Кәкімбек Салықов

БАЛДЫЗДАР

Балдыздар, жайнаған алтындар,
Сендерде сиқырлы қарқын бар.
Жол-жора дайындай берейін,
Қашан той боларын айтыңдар.
Балдыздар, балдыздар, балдыздар,
Балбырап балқыған сал қыздар.
Жер-жаһан жаңарып кетеді
Жас отау құрғанда жалғыздар.
Балдыздар, жер-көкті барлаңдар,
Сендерді аңсаған сайран бар.
Жігіттің сұлтаны тамсансын,
Ән шырқап, би билеп заулаңдар.
Жас отау сыйлағыш салтым бар,
Әулетке сән беріп шалқыңдар.
Мол дәулет тілеймін, зор бақыт,
Әр күнге ақ тілек артыңдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу