Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  93


Автор: Кәкімбек Салықов

«Мүдірмес жақ, сүрінбес тұяқ болмайды»,

«Мүдірмес жақ, сүрінбес тұяқ болмайды»,
Мен емес-ау, халқым айтқан ол жайлы.
Осал жерін мойындаған мықты ғой,
Тек ақымақ кемістігін қорғайды.
Талай жерде көргенімнен сондайды,
Көңіл-теңіз толғайды да, толмайды.
Қателігін жетістік деп зорласа,
Шаңқай түсте күн тұтылыс орнайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу