Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  92


Автор: Кәкімбек Салықов

Қамыққанда күймен жүрек жамаймын...

Қамыққанда күймен жүрек жамаймын,
«Сарыарқада» жау жасқанар бар айбын.
Құрманғазы бабамызды дауылпаз
Дауыл-күйлер дарабозы санаймын.
«Сарыжайлау» елдің мұңы толқыған,
Оны тартсам сейіледі мол тұман.
Ойлы күйлер ордасындай Тәттімбет,
Дәуір сырын жеткізуге ол туған.
Тәтті бабам көңіл күйін татқызды,
Ащы күйді ел ұғатын сәт қызды.
«Көкейкесті» – мұң мен шері қазақтың,
Кенесары өлген күні тартқызды.
Көңіл өсті жетіп бүгін азат күн,
Күнде естиміз ғажаптарын ғажаптың.
Ел белгісі – «Сарыарқа» мен «Сарыжайлау»,
«Көкейкесті» – «Полонезі» қазақтың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу