Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  139


Автор: Кәкімбек Салықов

АСЫЛ ҚАЛА – АЛМАТЫ

Алматы – көлде аққудай әсем қала,
Бар қазақ басын иген көсем қала.
Атқан таң бір көруге аңсап жетсе,
Батқан күн қимай жылжыр бәсең ғана.
Ажары тау гүліндей ашық қала,
Жан-жаққа жатыр нұрын шашып қана.
Бар әлем Алматыға ғашық болса,
Алматы – адамзатқа ғашық қала.
Алматы әр мезеті құбылмалы,
Жалғасты талай жігіт ғұмыр мәні.
Жасқанған күннің көзі тік қарауға,
Осында әлемнің ең сұлулары.
Жұлдыздай көш басқарған үркердегі,
Алматы – жер бетінің үлкен төрі.
Жұмақтың бір алмасын ала келіп,
Адам Ата, Хауа Ананың түскен жері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу