Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  114


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚАЗАҚСТАН ДЕГЕН ЕЛ

Жерімнің туы – Алатау,
Еділдің Жайық егізі.
Мұң шөккен Қорған-Қаратау,
Сарыарқа – елдің негізі.
Астана – тұғыр кеңдігім,
Қарағанды – асыл арысым.
Ордабасы – бірлігім,
Атырау – ерен табысым.
Көкшетау – кербез ажарым,
Ұлытау – ұлттың ордасы.
Алтайым – алтын базарым,
Каспийім – байлық қордасы.
Алматы – асыл түндігім,
Қызылорда – құтты аймағым.
Қостанай – ерен дүлдүлім,
Жетісу – жердің қаймағы.
Ақтөбе – байлық тұнығы,
Баянауыл – туым шығыста.
Жезқазған – кенші тұғыры,
Екінші Меккем – Түркістан.
Қызылжар – шептік шың басы,
Арал, Балқаш – қос жанар.
Теміртау – болат құймасы,
Маңғыстау – еркем төс қағар.
Осының бәрі бір туған,
Салтына жаның кенелер.
Астанасы құлпырған
Қазақстан деген ел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу