Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  210


Автор: Кәкімбек Салықов

НАР ТҰЛҒА

(Еңбек Ері Еркін Әуелбековке)
Сөз сарасын жайнатып, мәнерлі етіп,
Шындықты айтсам қалмай ма әлем бекіп.
Ерке Есілде бастаған өмір жолын
Еңбек Ері, нар тұлға Әуелбеков.
Құтты күнге тапты Еркін пәлен тетік,
Озды талай сайыста мәрем бекіп.
Көкшетауды көркейткен кім десеңдер,
Тік айтайын:
Ол – Еркін Әуелбеков!
Өшіп кетер ауылдар жаңаланды,
Оқтай заулап тас жолдар бара қалды.
Елді қанша көтерсе,
Өзі сонша
Барша қазақ ішінде дараланды.
Тез өткен жоқ Торғайдан сәлемдетіп,
Кең қозғалды төңіректі кемелді етіп.
Бұл өңірді жайнатқан кім десеңдер –
Нұржанұлы ол Еркін Әуелбеков.
«Қатал» десем, кей достым, зәрең кетіп,
Алам деме беделін төмендетіп.
Қыр мен Сырды кім десең жалғастырған,
Байқа, достым, ол – Еркін Әуелбеков.
Зердесіне бітсе зор дарындылық,
Асыл тұлға көрмеді арын жығып.
Арпалыстық Аралды сақтау үшін,
Құлагердей мерт болған зарын ұғып.
Қызылорда халқына ұнап қалды,
Көшесінде есімі тұрақталды.
Қатал болса, ол сүйді әділетті,
Содан кеше қалың ел жылап қалды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу