Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  174


Автор: Кәкімбек Салықов

АҚҚУЛАРДЫҢ АРМАНЫ

Дара аққуды көрдім айдын шетінде,
Бейнесі оның ұқсап кетті жетімге.
Күз келгенде өзге құстар топтанды
Үйірімен кетуге.
Біреу айтса ойлар ма едім бекер деп,
Ол да ертең өз тобына жетер деп.
Кім ойлапты сұлуларды өмірде
Жалғыз-жалғыз өтер деп?
Аяулы екен дара аққудың қалғаны,
Көл теңселтсе дала-күнге салғаны.
Дүниеде жалғыз қалмау екен ғой
Аққулардың арманы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу