Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  80


Автор: Кәкімбек Салықов

СӘБИТТІҢ ТАУЛЫ ШЕЖІРЕСІ

Түсіне білсек Сәбит деген биікті,
Туған елді ол ерекше сүйіпті.
Көкшетаудың төбесінен қараса,
Шежіре шертер қазақ жері сыйыпты.
Таумен жазған шежірені дәл түсінем,
Тани кетем әр тауды түр-түсінен.
Сәбең сөзін өлең етіп алып ем
Бала күнде «Жұмбақ жалау» ішінен:
«Көкшетауда сұлулық бар не түрлі,
Шалқар тауы жеткіншектей кекілді.
Сырымбет тұр сылқым сырық секілді,
Азатыма құтты әсемдік бекінді,
Жалғызтауым жалғыз ұлдай жетілді.
Бұқпа жатыр көл шетінде семіріп,
Имантау тұр екі иығы керіліп.
Қазығұрт жатыр басында кеме көрініп,
Ақан тауы тұла бойы серілік,
Зеренді тұр ғашық назға беріліп,
Оқжетпес тұр тастан текше өріліп.
Айыртаудың қос өркештей нұсқасы,
Торайғырым – Көкшетаудың тұстасы,
Ерейментау – ерке қиял ұстасы.
Қарқаралы – қыз алысқан құдасы,
Ақбет сұлу – махаббаттың мұрасы.
Ақтау – бірге жауға шапқан андасы,
Ортау – оның жаны жалғас қандасы,
Жекебатыр – ел қорғаудың таңбасы.
Ақшатауым – қойны қазына жетіліс,
Бектау ата – жау өтпейтін бекініс.
Ұлытауым – елдің ұлттық ордасы,
Қаратауым – азаттыққа жол басы.
Алатауым – елдің көркі салмақты,
Алтай ата – барлық тауға ардақты...»
Асыл аға!
Мен де тауға зершімін,
Кеткен де жоқ тектен-текке тер шығын.
Жас шағымнан құмар етсең тауларға,
Жезқазғандай ордасы бар кеншімін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу