Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  105


Автор: Кәкімбек Салықов

ЖАЗҒЫ СОНЕТ

Көкшеде жүрсем тасып ән,
Өзен-көлге асығам.
Ат суарып алдым мен
Ақ бұлақтың басынан.
Шырайын ашты шатқал да,
Жайқалды қамыс, көк тал да.
Мылтығым да дәл тиді
Тал бойлап үйрек атқанда.
Бармаймын әсте дауға көп,
Қыз сыйлау – өшпес бойда әдет.
Сұлуға көкала үйректі
Байлап кеттім сауға деп.
Үйректі сілкіп құбылттым,
Ақ шашты мүлдем ұмыттым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу