Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  441


Автор: Кәкімбек Салықов

АҚҚУ ӘНІ

Жылжиды аққу айдында, жылжымайды,
Мұңаяды ол неге, тұнжырайды?
Сыңсып салған әніне тебіреніп,
Қамыс басы қамығып, су жылайды.
Су жылайды, тұнжырайды.
Жылжиды аққу айдында, жылжымайды.
Қалқиды аққу айдында, қалқымайды,
Баяғыдай бой жазып шалқымайды.
Сыңарынан айрылып қалған күні
Бұл өмірдің қызығы жартылайды.
Жартылайды, шалқымайды.
Қалқиды аққу айдында, қалқымайды.
Сырғиды аққу айдында, сырғымайды,
Жақын барып хал-жайын кім сұрайды?
Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы,
Біреу ерте, біреу кеш, бір құлайды.
Бір құлайды, кім сұрайды?
Сырғиды аққу айдында, сырғымайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу