Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  156


Автор: Кәкімбек Салықов

ҒҰЛАМА АҚЫНЖАНДЫ

(Манаш Қозыбаевқа)
Қазақтың асыл ұлы,
Тарихшы басым үні.
Төле би, Қазыбектерше
Толағай, тасыды үні.
Ойлаған халық қамын,
Майталман, асқақ ғалым.
Ол талай ашып берді
Тарихтың ақтаңдағын.
Ойлантса ғасыр жүгі,
Ертістей тасыды ірі.
Мәңгілік ізі қалды,
Көрінді от-жалындығы.
Зор арман айқындаған,
Ер мінез, жарқын адам.
Ермакты Ақсу етіп
Ақжарқын қарқындаған.
Самғаса терең кетіп,
Есімханов ере кетіп,
Екеуі іс тындырды,
Сүйсінді ел елең етіп.
Шығарса атын кенен,
Бірлікке айқын сенем.
Айқаста қол ұстасты
Академик Әкімменен.
Секілді жердің шыңы,
Әр ісі – ердің құны.
Ермактан кек қайтарып,
Басылды елдің мұңы.
Сыйласам асыл жанды,
Мағжанша қарқындайды.
Жан еді біздің Манаш
Ғұлама ақынжанды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу