Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  92


Автор: Кәкімбек Салықов

МАҒЖАН – АҚЫНДЫҚТЫҢ АБЫЛАЙЫ

Абайды ақындықтың Күні десем,
Ай керек жарқыратар түнін көшем.
Қазағым, соның бәрін ойлар ма едің,
Тәуелсіз ел боп қайта тірілмесең?!
Ғарышқа жетер еді оқ алмаса,
Қиянат атын ерте доғармаса.
«Абайдан кейінгім», – деп Мұхтар айтты,
Сұм тағдыр жөнге көшті, көп алдаса.
Ұмытпас Наурызбай мен Кенекемді,
Көтерген асыл дастан берекемді.
Ақындық төрінде тұр «Батыр Баян»,
Төресі өлең сөздің ере келді.
Ақындық әлемінің нағыз Айы,
Ақжолтай, сиқыр сөздің Ағыбайы.
Тұранды ұран еткен қыран қазақ,
Мағжан – ақындықтың Абылайы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу