Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  92


Автор: Кәкімбек Салықов

РОМАНС

Аруға біткен сұлулық –
Алланың берген сыйлығы.
Жан баурағыш жылулық –
Құштар жүрек бұйрығы.
Сол сұлулық патшасы,
Ғажаптың көрдім ғажабын.
Шошытпады ақ шашым,
Сағыныш шеккен азабын.
Орманнан шыққан маралдай,
Жайнап тұр қос жанары.
Аптықса демін ала алмай,
Бұлқынды қос анары.
Шыдатпай ынтық тартымы,
Қараймын құлын білекке.
Қара көз өткір жарқылы
Кетті ғой түсіп жүрекке.
Осалдық туды менен де,
Түскендей отқа шын күйдім.
Енді өлдім-ау дегенде...
Ақ сүттей беттен бір сүйдім.
Пәк көңіл гүлін ұсындым,
Жүруші ем қайтып көрместей.
Өзгеріп өңім құлшындым,
Жасарып кеттім өлместей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу