Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  119


Автор: Кәкімбек Салықов

МАХАББАТЫМ МӘҢГІ ЖАС

Дәл сенің көздеріңдей көз көрмедім,
Алланың алғысы екен кез келгенің.
Қанша жыл сол күндерден өтсе-дағы,
Қызғалдақ қыз күніңнен өзгермедің.
Қайырмасы:
Ерке назың жан сырлас,
Естен қалай тандырмас?
Саған деген өзгермес
Махаббатым мәңгі жас.
Киіктей ақ сағымда асқан қырдан,
Аш белің күндік жерден тамсандырған.
Арайы сәуле шашып атқан таңдай
Албырап, алабұртып шықшы алдымнан.
Қайырмасы.
Жан толқып нәр аламын лебіңнен,
Сен менің жаралдың ба тілегімнен?
Қызуы қыз күніңдей ыстық сезім
Жүрекке сәлем айтты жүрегіңнен.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу