Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  99


Автор: Кәкімбек Салықов

ЖАНАТ ЖАУБАСОВҚА АҚ ТІЛЕГІМ

Жанат, сені биіктерден көремін,
Өлеңдерің шығарып жүр өрелі үн.
Алатаудың кең жайлаған етегін,
Сарыарқаның саңлағы деп келемін.
Жетісумен жалғастырсаң Есілді,
Қос қанатың сақ қырандай көсілді.
Үлесі көп Бибіғайша келіннің,
Батыр інім, қаға берме төсіңді.
Ол – тамаша балалардың базары,
Ол – Жаубасов әулетінің ажары.
Келінімнің келбетінен алынды
Сенің жазған жырларыңның ғажабы.
Фермер деген даңқың шықса жан-жаққа,
Сәт тілейміз берекелі жақсы атқа.
Кең нарықта жолбарыстай жорта бер,
Бірақ, Жанат, ақындықты ақсатпа.
Ақындықты ақсатпа да дүбірлет,
Алысқа ұмтыл, баяуламай күбірлеп.
Айтарым сол аға болып, сәт тілеп:
Әр жырыңды ел сүйсінер ғұмырлы ет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу