Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  104


Автор: Кәкімбек Салықов

ІШКІ СЫР

Құдайдың бергені ме,
Бейсауат сөзге ермедім.
Кеншілік кең мінезден
Ешқашан өзгермедім.
Тірлікте мақтан етем
Манаштай қайсар жанды көз көргенін.
Құрдас боп керіспедік, қыр аспадық,
Ақымақ пен есерге бас құраспадық.
Табиғи сұрыптау бар деген ұғым,
Достасып, үлкен мәнін растадық.
Жан еді жалындаған оты қалың,
Сағынып, ойға батып отырамын.
Басында бейітінің жыр төгілтер,
Ұшырам жүректің ақ тотыларын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу