Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  99


Автор: Кәкімбек Салықов

РОМАНС

Жадымда жатқан бір жыр бар,
Жаза алмай жүрмін, қайтейін?
Жаныма батқан бір зіл бар,
Тазармай жүрмін, қайтейін?
Сағыныш атты сағым бар,
Өкініш атты ағын бар.
Кей-кейде дүние тек сен боп
Кететін ауыр шағым бар.
Жанымда жатқан бір сыр бар,
Жалықпай жаным жаттаған.
Күн болса, сәулем, бір тыңдар,
Армансыз бәрін ақтарам.
Сағыныш отты сезім бар,
Айта алмай кеткен сөзім бар.
Кей-кейде дүние тек сен боп
Кететін ауыр кезім бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу