Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  74


Автор: Кәкімбек Салықов

БӘЙКЕН АҒА БЕЙНЕСІ

Жақсыдан үлгі алғаны –
Атадан мирас жалғады,
Ақыл мен ойды жұптады.
Не қиямет көрсе де,
Шындықты қорғар өлсе де,
Адалдықты құптады.
Тереңнен шығар әр сөзі,
Салмақты болды мінезі,
Қалыптан әнтек шықпады.
Сабырмен болжап жан-жақты,
Ел-жұртқа болды ардақты,
Осы ғой ең зор ұққаны.
Тигенде билік қолына,
Әділдік түсті жолына,
Қазынаға қолын сұқпады.
Аз сөйлеп, көп тыңдады,
Шешімді берік шыңдады,
Айтқан сөзін жұтпады.
Әлдекімнен жалтақтап,
Есерді досқа айтақтап,
Асылды өрде жықпады.
Шығармай ерсі дауысын,
Тындырды мықтап әр ісін,
Тасада қалып, бұқпады.
Басы айналмай табыстан,
Іскерлік ерте табысқан,
Ауылдың жөнін құптады.
Қанжығаға жеңіс байлатып,
Төсіне жұлдыз жайнатып,
Шын ерлік төрге шыққаны




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу