Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  132


Автор: Кәкімбек Салықов

АБАЙҒА АЙТАР АЛҒЫСЫМ

Қайран ел деп қабырғасы қайысқан,
Ол – данышпан «мыңмен жалғыз алысқан».
Әрбір сөзі жанға азық емес пе
Жан анамның ақ сүтімен жабысқан.
Мың толғанып, іздеп сөздің әсемін,
Арқау етсем жанға тиер әсерін,
Абай ата, бәрі сенің ықпалың,
Менің жырым – өзің еккен жас егін.
Сендей емес бар көмегі басқаның,
Әніңді айтып бастау алды жас жаным.
Құпия хат жазсам-дағы бір қызға,
Мен өзіңнен үлгі ала бастадым.
Жырға орасам кең жалғанның жаз-қысын,
Бәрі өзіңе, Абай ата, алғысым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу