Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  87


Автор: Кәкімбек Салықов

АҒА СЫРЫ

(Кенжебек Күмісбековке)
...Жасымнан жан сарайым алаулаған,
Көлдері Қорғалжынның жалау маған.
Шоқ қайың, күрең жартас жарқ еткенде,
Елестеп кетті талай қалаулы адам.
Көңілдің көзін ашып сымбаттаған,
Туған жер, әр дыбысың қымбат маған.
Кезім жоқ сайда бұлбұл сайрағанда,
Рәбиға ән салғандай тіл қатпаған.
Сары бел, күміс көлдер бар айналам,
Айыртау көз тартады шарайнадан.
Үкілі Ыбырай мен келе жатқан
Ілияс күйші ме деп қарай қалам.
Әндетіп, Балуан Шолақ серіменен
Қосылып кербез дала желіменен,
Алыстан Дәулет күйші аңыратты
Қобызы бозінгендей еңіреген...
Жүргенде елден жырақ елең-алаң,
Тыңдауға шын толғанып келді шамам.
Осының бәрін маған айтып еді
Композитор Кенжебек деген ағам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу