Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  89


Автор: Кәкімбек Салықов

ҒАШЫҚТЫҢ ТІЛІ

Ғашықтың тілі – шорқақ тіл,
Дәл баспас үркек, қорқақ тіл.
Қос жүрек – ғашықтың жан сырын
Қайтсең де, тағдыр, ортақ қыл.
Ғашықтың тілі – жабық тіл,
Ым-жымға үнсіз қанық тіл.
Махаббат пірі, бір сөзге
Екеуін де зарықтыр.
Ғашықтың тілі – жақұт тіл,
Ақ алмас, маржан, ақық тіл.
Қайтсең де, Тәңірім, сол сөзге
Қос ғашықты асықтыр.
Ғашықтың тілі – қысқа тіл,
Қысқа да болса нұсқа тіл.
Жүрекке жүрек үйлессе,
Серттесер сөзге ұста тіл.
Сүймесе сүйекпен кететін
Махаббат тілі – азап тіл.
«Сүйемін» десе жететін
Махаббат тілі – ғажап тіл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу