Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  83


Автор: Кәкімбек Салықов

ШЫН МАХАББАТ СӨНБЕЙДІ

Көргенде жанарыңды тостағандай,
Ұмытам келгенімді жасқа қандай.
Ұстамдық жасай алмай құлшынамын,
Құштарлық бір бүлікке бастағандай.
Тұрасың құлпырғандай кіл таза гүл,
Сол кезде ағындатам жыр ғажабын.
Сөзге орап, ажарыңды әнге бөлеп,
Басамын аңсау-сусау мың азабын.
Сүйсінем келбетіңе елжіреген,
Жалғаймын жан сауалын ем тілеген.
Көңілге көзден тайсаң елестейсің
Желкендей көк теңізде желбіреген.
Жан тумас сағынышқа мендей бекем,
Қарсы жел қырсығына көнбей өтем.
Дақ түспес пәк сезімге тіршілікте,
Ешқашан шын махаббат сөнбейді екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу