Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  86


Автор: Кәкімбек Салықов

ТҮСІНДІМ ТІРЛІК МАҢЫЗЫН

Махаббат –
Тірлік тірегі,
Жеткізер ынтық арманға.
Лүпілдеп бірге жүрегі,
Не жетсін ләззат алғанға?!
Жарқ етті сұлу айқабақ,
Құштарлық селі төгілді.
Сүйісіп,
Еркін аймалап,
Рахатқа денем көмілді.
От құшақ лаулап күйдіріп,
Бірлікке бізді көндірді.
Жан-тәнін ессіз идіріп,
Жайлады тентек мөлдірді.
Артықша сәтті білер кім,
Табылды іңкәр бар тетік.
Бір тірілдім, бір өлдім,
Найзағай тынды жарқ етіп.
Не деген тылсым ғаламат,
Тамаша мезет тым қысқа.
Зер салу қайда бағалап,
Батырса қызық «қылмысқа».
«Қылмыс» деп әнтек айттым ба
Алланың асыл парызын?
Жұмаққа барып қайттым да,
Түсіндім тірлік маңызын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу