Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  88


Автор: Кәкімбек Салықов

ҰШҚЫНЫМЫН АБАЙДЫҢ

Әнге орап сөзді арайлы үн,
Құмарын тапсам талайдың;
Сезінем кейде өзімді
Бір ұшқыны Абайдың.
Қыз-шабыт бойын үлделеп,
Оятса оқыс түнде кеп;
Өлеңге жастай еркелі,
Шайлығу менде мүлде жоқ.
Тайпалса қалам – тарлан көк,
Тіл таппай үнсіз қалғам жоқ.
Қорқыттан қалған аңыздай,
Қоры бар сөзде арман жоқ.
Шырын-бал дәмін таттым мен
«Құлагер» мен «Гәккуден».
Талабымның ақ таңы
Сәтті жол тапты жас күннен.
Толқытса ойдың тереңі,
Жыр төгер көңіл елеңі.
Тәрбиешім, таңсығым –
Қазақтың ән-күй, өлеңі.
Құстармен бірге ұшамын,
Алыстан ұғам гүл үнін.
Махаббат сүйгіш құшағын,
Абайшыл жанның бірімін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу