Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  89


Автор: Кәкімбек Салықов

ЖЕР ДӨҢГЕЛЕК ЕКЕН...

Сездің бе аңсағанды,
Көрдің бе шаршағанды?
Жарқабақ тауларды басып,
Тербелген теңізден асып,
Шөліркеп шөлдерден өтем,
Көкжиек белдерге жетем.
Сен көрінбей кеттің,
Жер дөңгелек екен...
Мен қалдым бер жағында,
Сен шардың ар жағында.
Саған таң ашық туды,
Маған күн батып тұрды.
Жер бетін өрлеген екем,
Жүрісім өнбеген екен.
Сен көрінбей кеттің,
Жер дөңгелек екен...
Салдың ба «басыма» кісен?
Ашынып, асыға түсем.
Лақтырған тасың болсам,
Бәрібір қасыңа түсем!
Дөңгелек дөңгелей берді,
Шарладым көрмеген жерді.
Сен көрінбей кеттің,
Жер дөңгелек екен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу